Единоборства
Бүгін 15:30

UFC-де айқасқан қазақстандық спортқа оралды

©instagram.com/morozclub777

UFC-де өнер көрсеткен қазақстандық танымал файтер Сергей Морозов спортқа қайта оралу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Морозов 15 ақпанда Баку қаласында (Әзірбайжан) өтетін AIGA турнирінде өнер көрсетеді. Ол бұл жарыста грэпплинг ережесі бойынша белдесуге шығады.

Оның қарсыласы жеңіл салмақтағы UAE Warriors чемпионы, әзірбайжандық файтер Асаф Чопуров болады.


Сергей Морозов (19-5) UFC-де бес жекпе-жек өткізіп, оның үшеуінде жеңіске жетіп, екеуінде тұншықтыру әдісімен жеңілді. UFC-мен келісімшартқа қол қоймас бұрын қазақстандық спортшы M-1 Challenge промоушенінің чемпионы атанған.

Морозов соңғы жекпе-жегін 2022 жылдың желтоқсан айында АҚШ-тың Лас-Вегас қаласындағы UFC Fight Night турнирінде өткізді. Ол кезде ол америкалық Джорни Ньюсонды төрешілердің шешімімен жеңген болатын. Осыдан кейін ол карьерасын аяқтағанын жариялады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport