UFC чемпионына өзін Рахмоновқа қарсы сынап көру ұсынылды

13 ақпан 2023 09:12
©instagram.com/shavkatrakhmonov94

Аустралиялық журналист Джордан Пату ресейлік Ислам Махачевтің өзінің отандасы Александр Волкановскиді жеңгеніне қатысты пікір білдірді. Ол Махачевті өзге мықтылармен, соның ішінде Шавкат Рахмоновқа қарсы айқаста көргісі келеді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Махачев - Волкановски жекпе-жегі Аустралияның Перте қаласында өткен UFC 284 турнирінің басты оқиғасы болды. Махачев бес раунд қорытындысы бойынша төрешілер шешімімен жеңіске жетіп, жеңіл салмақта UFC чемиондығын қорғап қалды. 

"Ислам Махачевты ойымнан шығара алмай отырмын. Оның Камару Усман, Колби Ковингтон, Леон Эдвардс және Шавкат Рахмонов сияқты қарсыластармен жұдырықтасқанын елестете беремін. Жеңіл салмақтағы бірнеше қорғаудан кейін ол өзін басқа салмақта сынап көргенін тамашалағым келеді, Волк та жаңа ғана UFC 284 турнирінде сөйтті ғой", - деп жазыпты Пату твиттерде. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport