MMA
12 мамыр 10:06
 

UFC чемпионы титулды қорғауға бірінші қарсыласын "таңдады". Ол Шавкат емес

  Пікірлер

blog.share

UFC чемпионы титулды қорғауға бірінші қарсыласын "таңдады". Ол Шавкат емес ©Zuffa LLC

Жартылай орта салмақта UFC -дің жаңа чемпионы Джек Делла Маддалена (18-2) P4P рейтингінің көшбасшысы Ислам Махачевпен жекпе-жекке шығу жайлы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Жартылай орта салмақта UFC -дің жаңа чемпионы Джек Делла Маддалена (18-2) P4P рейтингінің көшбасшысы Ислам Махачевпен жекпе-жекке шығу жайлы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Белал Мухаммадпен (24-4-0-1) болған жекпе-жектен кейін Даниэль Кормье: "Ресейлік Ислам Махачев жартылай орта салмаққа өтпек, сен онымен кездесуге дайынсың ба?" деген сұрақ қойды.

"Ислам Махачев пе? Керемет болады, ол P4P рейтингінің бірінші нөмірі. Мен одан Волкановски үшін есе қайтарамын, — деп жауап берді Делла Маддалена.

Айта кетейік, 28 жастағы Делла Маддалена бастапқыда Белал Мухаммадпен титулдық жекпе-жекке негізгі емес, балама үміткер ретінде қарастырылған. Ол бұл мүмкіндікті қазақстандық Шавкат Рахмонов (19-0) жарақатына байланысты жекпе-жекке шыға алмаған соң алды.

Еске салайық, UFC 315 турнирінің басты жекпе-жегінде Монреальда (Канада) өткен кездесуде Джек Белалды төрешілер шешіммен жеңіп, чемпион атанды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!