Жартылай орта салмақта UFC чемпионы британиялық Леон Эдвардс (23-3) келесі қарсыласы кім болатынына қатысты ойын айтты, деп жазады Vesti.kz.
17 желтоқсан Лас-Вегастағы UFC 296 турнирінде Эдвардс америкалық Колби Ковингтонды (17-4) жеңіп, титулын қорғап қалды. Оның ендігі қарсыласы америкалық Белал Мухаммад (23-3) болуы ықттмал.
Алайда қазақстандық Шавкат Рахмонов (18-0) та титул үшін айқасқысы келетінін мәлімдеген.
"Келесі қарсыласым кім болатыны бәрібір. UFC не шешетінін білмеймін. Мүмкін ол Белал болмайды, өйткені оның жекпе-жегі іш пыстырады. Мүмкін Шавкатпен айқас тамаша болады. Келесі кім болатынын көреміз. Қазір Леон Эдвардстың дәуірі", - дейді ол TNT Sports арнасына берген сұхбатында.