Жартылай орта салмақта UFC чемпионы Джек Делла Маддалена қазақстандық Шавкат Рахмоновпен жекпе-жек өткізгісі келетінін айтты, деп хабарлайды Vesti.kz.
Маддалена Рахмоновты қарсылас ретінде таңдадыАустралиялық спортшының айтуынша, Ислам Махачевпен болатын жекпе-жек оған рейтингтің үшінші нөміріндегі Рахмоновқа қарсы айқасқа дайындалуға көмектеседі.
"Әр жекпе-жек ерекше, әрқайсысы өз тәжірибесін береді. Иә, сен дұрыс айтасың - Ислам маған Шавкатқа дайындалуға көмектеседі. Әрине, олар - әртүрлі стильдегі спортшылар: Шавкат — бойы биік, ірілеу.
Мен әрқашан Шавкатпен айқасқым келді. Оны UFC-ге алғаш келген сәтінен бастап бақылап жүрдім. Ол мұнда үстемдік ететінін бірден түсіндім. Біздің жолдар бір күні қиысатынын әрдайым сендім. Менде Шавкатты жеңуге мүмкіндік беретін дағдылар бар.
Үміттенемін, келесі қарсыласым - Шавкат болады. Бірақ алдымен - Ислам!", - деді Маддалена Исраэль Адесанья қатысқан подкастта.
Делла Маддалена мен Махачев арасындағы жекпе-жек 16 қарашада АҚШ-тың Нью-Йорк қаласындағы Madison Square Garden аренасында өтетін UFC 322 турнирінің басты айқасы болмақ. Бұрынғы жеңіл салмақ чемпионы Махачев карьерасындағы екінші белбеуін алуға ұмтылады.