UFC чемпионы Рахмоновтың келесі қарсыласы ретінде кімді көретінін айтты

10 тамыз 2022 14:05
©instagram.com/shavkatrakhmonov94/

UFC-дің орта салмақтағы қазіргі чемпионы жаңазеландиялық Исраэль Адесанья өз YouTube-арнасындағы жаңа бейнеролигінде барлық салмақ дәрежесі бойынша ең қызық болуы мүмкін деп ойлаған жекпе-жектерін атады, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Мысалы, жартылай орта салмақта Адесанья керемет кездесулердің бірі Хамзат Чимаев пен Шавкат Рахмоновтың арасында болуы мүмкін деді. 

"Жартылай орта салмақты мен Хамзат Чимаев пен Леон Эдвардстың. А, жоқ. Шавкат Рахмоновтың. Екеуі де жеңілмеген файтерлер", - деді Адесанья.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Чимаев қандай жағдайда Рахмоновпен кездесу өткізетінін айтқан еді. Екі спортшы да жартылай орта салмақта өнер көрсетеді. Хамзат қазір үшінші, Шавкат он бірінші орында.  

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport