Екі салмақта UFC чемпионы болған америкалық Генри Сехудо (16-5) Астанада (Қазақстан) өткен Alash Pride FC 108 аралас жекпе-жек турнирінде өнер көрсетті, деп хабарлайды Vesti.kz.
Оның қарсыласы қазақстандық Қайрат "Қазақ" Ахметов (27-2) болды. Жекпе-жек грэпплинг ережесі бойынша өтті және Сехудо 8:5 есебімен жеңіске жетті.
Алайда жекпе-жектен кейін Ахметов төрешілердің шешімімен келіспейтінін білдірді.
Сехудо — UFC ұйымының жеңіл және өте жеңіл салмақтағы бұрынғы чемпионы. Сондай-ақ, ол еркін күрестен 2008 жылғы Олимпиада чемпионы.
Ахметов ММА ережесі бойынша соңғы жекпе-жегін 2023 жылдың мамыр айында өткізіп, төрешілердің шешімімен аустралиялық Рис Макларенді (18-10) жеңген.
Сехудо болса ақпанда UFC Fight Night 252 турнирінде қытайлық Ядун Сунмен (22-8-1) жекпе-жек өткізіп, жеңіліп қалған болатын.
Жарнама