UFC чемпионы Махачевтің Шавкат Рахмновтың салмағына өтетіні айтылды

23 қазан 2023 10:00
©Коллаж fighttime.ru

Ресейлік ММА файтері Алексей Махно жеңіл салмақта UFC чемпионы Ислам Махачев қазақстандық Шавкат Рахмонов өнер көрсететін жартылай орта салмаққа (77,1 кг) өтуі мүмкін екенін айтады. 

"Көрермендер Махачевтің жартылай орта салмаққа өткенін қалайды деп ойлаймын. Қалай дегенмен бұл үлкен сынақ, зор мұра болады. Меніңше, тарихта төрт спортшы ғана екі салмақта чемпион болды. Ислам бесінші бола алады. Әрине, бұл мүлде жаңа дүние, жаңа мотивация. Бірақ қайта-қайта бір адамдармен жұдырықтаса берудің мәні жоқ. 70 келіде Махачев пен Хабиб жеңіп тастаған (олардың командасын айтамын) файтерлер ғана қалды", - деп береді Махноның сөзін "РБ Спорт" .

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport