Америкалық файтер Белал Мухаммад жартылай орта салмақта UFC чемпионы британиялық Леон Эдвардспен жекпе-жекке дайындалу үшін Дағыстанға аттанады, деп жазады vRINGe.com.
Мухаммадқа дайындалуға жеңіл дивизион чемпионы Ислам Махачев көмектеседі.
Эдвардс пен Мухаммад жекпе-жегі сәуірде өтетін UFC 300 супершоуында болады деген сыбыс бар.
Еске салайық, Мухаммад UFC-дің жартылай орта салмақ рейтингінде екінші. Осы дивизионда қазақстандық Шавкат Рахмонов үшінші тұр.