UFC чемпионы Қуат Хамитовпен кездесуден бас тартқан

10 қараша 2020 14:29
Сурет: instagram.com/kuat__khamitov/

Аралас жекпе-жекте өнер көрсететін қазақстандық спортшы Қуат Хамитов (19-7-1) алты жыл бұрын Алекс Волкановси (22-1) кездесу өткізуге жақын болғанын айтты. Бірақ австралиялық спортшы бұл кездесуден бас тартқан, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. 

"2014 жылы мына жігіт менімен кездесуден бас тартты", - жеп жазып, Хамитов Instagram парақшасында Волкановсимен тұрған суретті қойды. 



Айта кетейік, қазіргі уақытта Волкановски жартылай жеңіл салмақта UFC чемпионы. Ол соңғы кездесуін америкалық Макс Холлоуэйге (21-6) қарсы өткізіп, төрешілердің шешімі бойынша жеңіске жеткен болатын. 

Ал Қуат Хамитов болса соңғы айқасын ресейлік Ахмад-Хан Боковқа (5-5) қарсы өткізіп, жеңіске жетті. 





 

Метки: