UFC чемпионы қарымта айқаста Хорхе Масвдальді бір соққымен сұлатты

25 сәуір 2021 16:36
Сурет: Instagram UFC

UFC 261 турнирінде нигериялық файтер Камару Усман америкалық Хорхе Масвидальді нокаутқа түсірді, деп хабарлайды Vesti.kz. 

АҚШ-тың Джексонвилл қаласында өткен шоудың басты жекпе-жегінде екі файтердің қарымтасы өтті. Усман екінші раундта Масвидальді есінен тандырып, жартылай орта салмақтағы чемпиондық белбеуін қорғап қалды. 

Еске салайық, спортшылар арасындағы бірінші жекпе-жек былтыр шілдеде өткен. Ол кезде Усман төрешілердің бірауыздан шыққан шешімімен жеңіске жеткен.