Единоборства
5 ақпан 2018 12:58
 
UFC чемпионы жекпе-жек үшін аяғын кесіп тастауға дайын болыпты

  Пікірлер

blog.share

UFC чемпионы жекпе-жек үшін аяғын кесіп тастауға дайын болыпты ©:mmamania.com

Жартылай жеңіл салмақта UFC чемпионы Макс Холлоуэй Фрэнки Эдгармен болатын кездесудің өтпей қалғанына ашулы екенін айтты. 

"Мен дәрігерден бұл кездесуге қатысу үшін аяғымды кесіп тастап, жекпе-жекті бір аяқпен өткізуді сұрадым. Бірақ дәрігер жағдайдың қиын екенін айтты. Бұл кездесуді тамашалауға Гавайдан көп отбасы келейін деп жатыр еді. Әрине, жекпе-жектің өтпей қалуы жанкүйерлер үшін де жақсы жаңалық емес. Бірақ біз кездесуді басқа уақытта да ұйымдастыра аламыз", - деп жазды Холлоуэй твиттер парақшасында. 

Холлоуэй мен Эдгар арасындағы чемпиондық жекпе-жек 3 наурыз күні UFC 222 турнирінде өтуі керек еді. Бірақ америкалық спортшы жарақатына байланысты жекпе-жектен бас тартты. Мmafighti порталының мәліметі бойынша, Холлоуэйдің орнын Брайан Ортега басуы мүмкін. 

Холлоуэй жартылай жеңіл салмақтағы UFC чемпионы атағын 2017 жылы бразилиялық Жозе Альдоны ұтып, жеңіп алған еді. Жалпы ол ММА-де 22 кездесу өткізіп, 19 кездесуде жеңіске жетіп, 3 кездесуде жеңіліп қалды. 

Жарнама

Живи спортом!