Орта салмақта UFC ұйымының чемпионы Исраэль Адесанья (22-1) кезекті жеңісіне қол жеткізді. Ол Хьюстон (Техас штаты, АҚШ) қаласында өткен UFC 271 турнирінде бұрынғы чемпион Роберт Уиттакермен (23-6) кездесті, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Бес раундқа жоспарланған айқастың қорытындысы бойынша төрешілер 48:47, 48:47, 49:46 есебімен жеңісті Адесаньяға берді.
Бұл 32 жастағы нигериялық үшін карьерасындағы 22 жеңісі болды. Ал UFC-де ол орта салмақта барлық кездесуінде жеңіске жетіп, төртінші мәрте белбеуін сәтті қорғады.
Уиттакер болса алтыншы рет жеңілді. Негізі бұл спортшылар екінші мәрте кездесті. Бірақ бұл жолы да аустралиялықтың жолы болмады.
Ең бірінші рет Уиттакер мен Адесанья 2019 жылы UFC 243 турнирінде жолдары түйісті. Сол кезде Исраэльдің мерейі үстем болып, орта салмақта UFC ұйымының жаңа чемпионы болған еді.