UFC чемпионы Джон Джонс допингпен ұсталды
© Getty Images
Жартылай ауыр салмақта UFC чемпионы Джон Джонс допингпен ұсталды, - деп хабарлайды "Чемпионат" сайты MMA Fighting порталына сілтеме жасап.
Спортшы 29 шілдеде UFC 214 турнирінде Даниэл Кормьемен кездесіп, оны нокаутқа түсірген болатын. Джонстың осы жекпе-жек алдында өткізген допинг сынамасынан қазір туринабол анықталып отыр.
TMZ порталының мәліметі бойынша, Джонс осы жекпе-жекте Кормьеден тартып алған чемпиондық белбеуді қайтарады. UFC басшысы Дана Уайт ESPN басылымына берген сұхбатында шешімнің әлі қабылданбағанын айтқан.
UFC ұйымы Джонстың допингпен ұсталғанын ресми сайты арқылы растады.
Ал Джонстың менеджері Малки Кава сынаманы қайта тексеруге ниетті екендерін айтады.
"Айтарға сөзіміз жоқ. Джон, оның бапкерлері, диетологтар және барлық команда мұндайдан аулақ болу үшін соғңы 12 жыл тынбай еңбектенді. Біз сынаманы қайта тексеруден өтікізіп, ақпараттың шындығына көз жеткізу үшін және рас болса бұл дәрмектің спортшы ағзасына қандай жолмен түскенін тексереміз. Джон бұл жаңалыққа өте таңданып отыр, біздің команда оған барынша қолдау көрсетуде, - дейді Кава.
Туринабол пайдаланғаны үшін алғаш рет ұсталған спортшылар USADA шешімі бойынша екі жылға жарсытардан шеттетілетінін айта кетейік.

Жарнама