UFC чемпиондары тағы бір мәрте жұдырықтаспақ

14 ақпан 2023 10:00
©twitter.com/ufc

Жеңіл салмақта UFC чемпионы ресейлік Ислам Махачев жартылай орта дивизион титулына ие аустарлиялық Александр Волкановскимен қарымта жекпе-жекке келісті, деп хабарлайды "Чемпионат". 

Аустралияның Перте қаласында өткен UFC 284 турнирінде Махачев бес раунд қорытындысы бойынша Волкановскиден басым түсті. 

"Онымен тағы айқасқым келе ма? Неге болмасқа? Жасайық. Қарымта керек болса, мен дайын", - деді Махачев. 

Волкановски де қарымта керегін айтты. 

"Реванш? Ұйымдастырайық. Келістік. Жылдам өткізейік", - деді Александр.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: