MMA
13 мамыр 2025 09:59

UFC Бекзат Алмаханға неге ең төменгі гонорар төледі?

©UFC

Канаданың Монреаль қаласында өткен UFC 315 турнирінде файтерлердің қанша гонорар алғаны белгілі болды, деп хабарлайды Vesti.kz.

АҚШ-тың жетекші промоушені жекпе-жекке қатысқан спортшыларға UFC Promotional Guidelines Compliance (PGC) бағдарламасы арқылы төлем жасайды. Бұл жолы турнирге қатысқан спортшыларға жалпы сомасы 310 500 АҚШ доллары төленді.

Бұл бағдарлама жекпе-жек формасы мен жабдықтарына қойылатын талаптарды, БАҚ-пен міндетті қарым-қатынасты және спортшылардың мінез-құлық кодексінде көрсетілген өзге де міндеттемелерді қамтитын кешенді жоспар болып келеді.

UFC 315 турниріндегі гонорарлар тізімі:

• Джек Делла Маддалена – 32 000 доллар
• Белал Мұхаммед – 42 000 
• Валентина Шевченко – 42 000
• Манон Фьоро – 32 000
• Айман Захаби – 6 000
• Жозе Альдо – 21 000
• Наталия Силва – 6 000
• Алекса Грассо – 11 000
• Бенуа Сен-Дени – 6 000
• Кайл Преполека – 4 000
• Майк Маллотт – 6 000
• Чарли Радтке – 4 500
• Жасмин Жасудавичус – 6 000
• Джессика Андраде – 21 000
• Модестас Букаускас – 6 000
• Ион Кутелаба – 16 000
• Навахо Стерлинг – 4 000
• Иван Эрслан – 4 000
• Марк-Андре Баррио – 11 000
• Бруно Силва – 11 000
• Даниэл Сантос – 4 500
• Чон Ен Ли – 4 500
• Бекзат Алмахан – 4 000
• Брэд Катона – 6 000

Venum спорт брендімен жасалған ұзақмерзімді демеушілік келісім аясында қаржыландырылатын UFC-дің промоутерлік ережелерін сақтау бағдарламасының төлем категорияларына сәйкес, жекпе-жекке төленетін гонорарлар спортшының UFC, сондай-ақ Strikeforce (сәуір 2011 ж. бастап) және WEC (қаңтар 2007 ж. бастап) ұйымдарындағы жекпе-жек санына байланысты есептеледі, деп жазады MMAjunkie.

Төлемдер келесі тәртіппен жүзеге асады:1–3 жекпе-жек: 4 000 доллар4–5 жекпе-жек: 4 5006–10 жекпе-жек: 6 00011–15 жекпе-жек: 11 00016–20 жекпе-жек: 16 00021 және одан көп: 21 000Чемпиондарға: 42 000

Титулдық үміткерлерге: 32 000 долларСонымен қатар UFC ұйымы мәлім еткендей, спортшыларға өмір бойы өз аттарымен шығарылған фирмалық өнімдерден 20–30 пайыз көлемінде авторлық роялти төленетін болады.

Неліктен Бекзат Алмахан ең төменгі гонорар алды?

Еске салсақ, қазақстандық жеңіл салмақтағы файтер Бекзат Алмахан (12-2) UFC 315 турнирінде канадалық Брэд Катонаны (14-5) бар болғаны 64 секундта нокаутқа түсіріп, жарқын жеңіске жеткен болатын. Бұл — Бекзаттың UFC-дегі екінші жекпе-жегі. Сондықтан ол төменгі категорияға сәйкес 4 000 доллар (шамамен 2,042 миллион теңге) алды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport