UFC президенті Дана Уайт биыл қандай жекпе-жектерді көргісі келетінін айтты, деп хабарлайды "Чемпионат".
"Леон келесі титулды айқасқа лайық. Оған биыл сәттілік тілеймін. Оның бастан кешкені көп. Қазір Усманның қолы жазылғанын күтіп отырмыз. Сол кезде айқас белгілей аламыз.
Биыл Джон Джонсты көрген де жақсы болар еді. Ол ауыр салмаққа өткісі келетінін айтқан. Соны көргім келеді", - деп береді Уайттың сөзін Sportskeeda.