UFC басшысы Шавкат Рахмонов пен Хамзат Чимаев туралы мәлімдеме жасады

7 қараша 2023 10:48
©Allboxing

UFC президенті Дана Уайт промоушеннің жұлдызға айналып келе жатқан файтерлері туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Уайт БАӘ азаматтығын алған Хамзат Чимаев пен қазақстандық Шавкат Рахмоновты ерекшеледі. 

"Егер дәл қазір Хамзат Чимаевпен не болып жатқанына қарасаңыз, бұл жігіт үлкен жұлдызға айналып келеді. 

Бізде Шавкат Рахмонов атты жігіт бар, өте қауіпті. Қазір жартылай орта салмақта бесінші нөмір. 

Нью-Джерсиден Аарон Бланчфилд бар, оның жекпе-жектерін тамашалу өте, өте қызық", - дейді UFC басшысы Triggered подкастында.

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport