UFC басшысы Нурмагомедовтің келесі қарсыласы кім болуы мүмкін екенін айтты

21 қараша 2020 16:47
Дана Уайт. Сурет: karate.ru©

UFC басшысы Дана Уайт жеңіл салмақта осы ұйымның чемпоны ресейлік Хабиб Нурмагомедов карьерасын қайта бастаса кіммен кездесетіні туралы ақпаратпен бөлісті. Бұл туралы ол TMZ басылымына берген сұқбатында айтты. 

Уайт 32 жастағы чемпионның карьерасын қайта бастайтынына сенімді екен. 

"Ол әкесі үшін қайта оралады. Абдулманап Нурмагомедовтің басты арманы баласының 30 жеңіспен карьерасын аяқтау болатын", - деді UFC басшысы.

Сонымен қатар Дана Хабибтің келесі қарсыласын анықтау үшін жеңіл салмақта бірнеше кездесу өткізу керектігін айтты. 

Уайт Конор МакГрегор мен Дастин Порье арасындағы кездесуден бөлек, Тони Фергюсон мен Майкл Чендлер арасындағы айқасты ұйымдастырып, содан кейін ғана Хабибтің қарсыласын анықталады деді. 

Ал Нурмагомедовтің менеджері Али Абдель Азиз болса ресейлік спортшы екі салмақ бойынша ұйымның бұрынғы чемпионы Жорж Сен-Пьермен кездесу үшін ғана карьерасын қайта бастайтынын мәлімдеді. 

Еске салайық, 24-қазан күні Нурмагомедов амеиркалық Джастин Гэтжиді жеңіп, чемпиондық белбеуін қорғап қалды. Содан соң ол аралас жекпе-жектегі карьерасын аяқтағаны туралы хабарлады. 


 

Метки: