UFC президенті Дана Уайт америкалық Джастин Гэтжиден нокаутпен жеңілген Тони Фергюсонның карьерасына қатысты пікір білдірді.
Еске салайық, UFC 249 турниріндегі Фергюсон - Гэтжи жекпе-жегі бесінші раунд соңында аяқталды. Бұл кездесуде Гэтжи қарсыласын 143 рет ұрған, оның 100 соққысы Фергюсонның басына тиген. Ал жекпе-жектен кейін Тони бет сүйегі сынып ауруханаға түсі. Файтер сегіз жылда алғаш рет жеңіліп, қатарынан 12 жеңіс сериясын үзіп алды.
"Фергюсон Джастин Гэтжимен жекпе-жектен кейін біраз үзіліс алғанын қалар едім", - деп беріп отыр Уайттың сөзін
MMA Fighting.
UFC басшысы Хабиб пен Гэтжи жекпе-жегінің уақытын айтты