UFC басшысы Хабиб пен Гэтжи жекпе-жегінің уақытын айтты

14 мамыр 2020 17:41
Сурет: RingSide24
Жеңіл салмақта UFC чемпионы ресейлік Хабиб Нурмагомедов пен америкалық Джастин Гэтжи жекпе-жегі қыркүйекке жоспарланып отыр. Бұл туралы ұйым басшысы Дана Уайт мәлімдеді.

Мұның алдында бұл айқас жазда өтеді деп күтілген еді.

"Сейсенбіде оларға жекпе-жек келісімін жолдаймыз. Түсініксіз бір-екі жағдай болып тұр, соны түзеу керек. Бірақ Гэтжидің Хабибке қарсы жекпе-жегі қыркүйекте өтеді. Хабибпен сөйлестім, қыркүйекке дайынмын деді", - деп береді Уайттың сөзін Yahoo! Sports.