UFC басшысы Хабиб Нурмагомедовпен не болатынын айтты

Сурет: MMABoxing.ru
UFC президенті Дана Уайт ұйымның жеңіл салмақтағы чемпионы Хабиб Нурмагомедов қыркүйекте Тони Фергюсон мен Джастин Гэтжи жекпе-жегінің жеңімпаpымен жұдырықтасатынын хабарлады. Екі америкалықтың кездесуі жеке-меншік аралда өтетін UFC 249 турнирінің басты оқиғасы болады. Бұл турнир қатысушылары соңына дейін қайда жол тартқанын соңына дейін білмейді дейді Уайт ESPN журналисті Бретту Окамотоға.

Хабиб Нурмагомедов пен Тони Фергюсон жекпе-жегінің өтпей қалуы жайлы:

"Хабиб пен Тони жекпе-жегі өтпейтінін бәрі түсінді. Мұның оқиғасын бірізді баяндау үшін 10 минут кетеді. Бірақ шындығы сол, бұған ешкім кінәлі емес. Әр күн сайын заң өзгеріп, орындар жабылды. Көбі турнирді өткізу мүмкін болмайды деп те ойлаған. Бірақ жасау мүмкін емес ештеңе жоқ. Жігер болса, амал табылады. Хабиб Ресейде қалып қойды. Ешкімді кінәлай алмайсың, болғаны болды. 

"Хабиб осылай шықпай қоятынын бәрі білді". UFC басшысы Нурмагомедовтың Фергюсонмен жекпе-жектен бас тартуы жайлы

Турнирдің өтетін орны жайлы:

"Екі айға өзіме орын бекітіп қойдым. Инфрақұрылым қамтамассыз етіліп жатыр. Әр елдің файтерлері келе алатын аралда өтеді. Онда турнирден кейін турнир өткіземіз. Үшеуін шегердік, соның бәрін өткізіп, жоспарлы кестемізге ораламыз. 

Файтерлерді бір жерге жинап, сол жерден алып кетеміз, олар қайда баратынын соңына дейін білмейтін болады".

Тони Фергюсон мен Джастин Гэтжи жекпе-жегіне тігілетін титул туралы:

"Мұнда ойланатын да ештеңе жоқ. Екеуі де мықты файтер. Хабиб шығып қалды, сондықтан жеңімпаз Нурмагомедовпен кездеседі. Қазіргі жағдай неге әкеп соғарын білмеймін. Конор МакГрегор де Хабибпен жұдырықтасқысы келген. Бірақ Хабиб пен Тони немесе Гэтжи жекпе-жегі қыркүйекте өтетін болар".