UFC басшылығымен жанжалдасқан ең мықты файтер ресми мәлімдеме жасады

18 тамыз 2020 11:48
Сурет: Fightnews.info
UFC-дің ең мықты файтерлерінің рейтингінде бірінші тұрған америкалық Джон Джонс промоушеннен кететінін мәлімдеді. Спортшы осыған байланысты Twitter желісінде пост жариялады.  

Джонс UFC басшылығымен телефон арқылы сөйлескенін айтады. "Жартылай ауыр салмақтағы белбеу ресми түрде босатылды", - деп нақтылай кетті ол. Спортшы UFC-дегі карьерасын "ғаламат саяхат" деп атап, жанкүйерлері мен қарсыластарына алғыс білдірді. 

UFC басшылығы мен чемпион арасындағы жанжал жекпе-жек гонорарларына қатысты туындады. Файтер тіпті жартылай ауыр дивизиондағы UFC титулынан бас тартуға дейін барған еді. 

UFC-дегі ең мықты файтер чемпиондық белбеуден бас тартатынын мәлімдеді

ММА-дегі кәсіпқой карьерасында Джонс 28 жекпе-жек өткізіп, екі рет қана жеңілген. 
Метки: