MMA
12 маусым 11:31
 

UFC Азат Мақсұмның айқасын негізгі кардтан алып тастады

  Пікірлер

blog.share

UFC Азат Мақсұмның айқасын негізгі кардтан алып тастады ©instagram.com/aza.maksum

Қазақстандық файтер Азат Мақсұмның (17-1) UFC-дегі жекпе-жегі негізгі кардтан прелимдерге ауыстырылды, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Қазақстандық файтер Азат Мақсұмның (17-1) UFC-дегі жекпе-жегі негізгі кардтан прелимдерге ауыстырылды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Ең жеңіл салмақта өнер көрсететін Азат 21-22 маусым күндері Бакуде (Әзербайжан) өтетін UFC-дің тарихи турнирінде Тагир Уланбековпен (16-2) кездесу өткізуі тиіс. Бастапқыда олардың айқасы негізгі кардта өту керек болған. Алайда UFC бұл жекпе-жекті алдын ала (прелим) кезеңге ауыстырды.


Бұл Әзербайжанда өтетін UFC-дің алғашқы турнирі екенін айта кетейік.

Азат Мақсұм UFC ұйымында 2023 жылдың шілдесінде дебют жасап, америкалық Тайсон Нэмді (21-14) төрешілердің бөлек шешімімен жеңген. Содан кейін Чарльз Джонсоннан (17-7) төрешілер шешімімен жеңілді. Осылай ол екі жылда екі-ақ айқас өткізіп отыр. 

Ал оның қарсыласы Тагир Уланбеков атақты Хабиб Нурмагомедов пен Ислам Махачевтің (27-1) командаласы. Ол соңғы жекпе-жегін 2024 жылғы 18 қаңтарда өткізіп, Клэйтон Карпентерді (8-1) төрешілер шешімімен жеңген.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!