Америкалық UFC промоушені ең жеңіл салмақ дәрежесінің жаңартылған рейтингін жариялады. Бұл дивизионда екі қазақстандық файтер өнер көрсетеді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Ең жеңіл салмақтағы өзгерістер
Жаңартудан кейін австралиялық Стив Эрцег (14-4) екі сатыға көтеріліп, 10-орынға жайғасты. Ал америкалық файтерлер Алекс Перес (26-10) пен Тим Эллиот (22-14-1) бір-бір сатыдан төмендеп, тиісінше 11 және 12-орындарға түсті.
Бұл салмақтағы чемпион — Мьянмада туған америкалық Джошуа Ван (16-2). Бірінші орын бразилиялық Алешандре Пантожага (30-6) тиесілі.
Қазақстандықтар жайлы
Барлық дивизиондар бойынша рейтингке енген жалғыз қазақстандық — Асу Алмабаев (23-3). Ол өзіне тиесілі 8-орынды сақтап қалды.
Жақында UFC-де дебют жасап, кейін допинг дауына іліккен Алиби Идрис әзірге ең жеңіл салмақтың топ-15 тізіміне енген жоқ.
Алмабаевтың келесі жекпе-жегі
Асу Алмабаев келесі жекпе-жегін 27 маусым күні Әзербайжанның Баку қаласында өтетін UFC турнирінде өткізеді. Оның қарсыласы — америкалық Чарльз Джонсон (19-8).
Қазақстандық файтердің соңғы жекпе-жегі 2025 жылдың 2 қарашасында Дохада (Қатар) өткен UFC турнирінде болды. Ол сол кездесуде америкалық Алекс Пересті үшінші раундта мерзімінен бұрын жеңген еді.
Жарнама