UFC алғашқы айқасында талып қалған спортшыны ұйымнан қуып шықты

16 маусым 2022 12:51
©XSPORT.ua

Украиналық файтер Аскар Можаров алғашқы жекпе-жегінен кейін-ақ UFC-ден шығарылды, деп хабарлайды "Вестник MMA" телеграм арнасы.

Басты себеп спортшының Sherdog порталындағы рекордын өз қолымен өзгертуі болып отырғаны көрінеді. Тергеу кезінде украиналықтың шынайы рекорды 25-7 емес 21-12 болып шықты.

Сонымен қоса, 4 маусымда өткен UFC-дегі алғашқы айқасында ол америкалық Алонcо Менифилдтен бірінші раундта нокаутпен жеңілді. 

Можаров UFC-мен 2021 жылдың мамырында келісімшарт жасаған еді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: