Ковингтонның айтуынша, промоушенге миллиондаған доллар алып келген, алайда өзі осы соманың тек 2-3 пайызын ғана алған. "Олар осы ақшаның барлығын қалтаға басқаннан басқа ештеңе білмейді, ал маған ештеңе қалмайды", - деп түйіндеді ол.
Ковингтон жартылай орта салмақта өнер көрсетеді. Ол осы салмақ дәрежесінде UFC уақытша титулын иеленген. Спорттық мансабында 16 кездесу өткізіп, 15 рет жеңімпаз атанған. Соңғы рет ол 4 тамызда октагонға шығып UFC ұйымының бұрынғы чемпионы Робби Лоулерді жеңді.