UFC 280 турнирінің басты қатысушылары салмақ өлшеу рәсімінен өтті, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Кештің басты айқасы ресейлік Ислам Махачев пен бразилиялық Чарльз Оливейра арасында өтеді. Бұл жекпе-жекте жеңіл салмақта чемпиондық белбеу сарапқа салынады.
Салмақ өлшеу рәсімінде Махачев пен Оливейра бірдей 70,08 келі тартты. Ян 61,68 ал оның қарсыласы О'Мэлли 61,46 келі тартты.
Әбу-Дабидегі турнир қазан айының 22 күні өтеді.