UFC 273 турнирінің басты жекпе-жегі нокаутпен аяқталды

10 сәуір 2022 11:52
©UFC

Джексонвилл (Флрида штаты, АҚШ) қаласында UFC 273 турнирінің басты жекпе-жегі өтті. Онда аустарлиялық Александр Волкановси (23-1) мен кореялық Чон Чхан Сон (17-6) кездесті, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Волкановски үшінші мәрте жартылай жеңіл салмақта чемпиондық белбеуін қорғады. Бұл кездесуді чемпион басымдықты сенімді түрде қолға алып төбелесті. Үшінші раунд барысында Волкановски қарсыласы нокаутқа түсіре жаздаған болатын. Бірақ кореялық спортшыны гонг құтқарды. 

Бірақ аустралиялық төртінші раундта бәрібір қарсыласын сұлатты. Содан соң төрешілер кездесуді тоқттаты. 

Айта кетейік, Чон осымен екінші мәрте чемпиондық белбеуге үміткер болды. Ол 2013 жылдың тамызында да чемпиондық айқасқа шығып, бразилиялық Жозе Алдодан жеңіліп қалды. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport