UFC 259. Адесанья Блаховичтен жеңіліп екі салмақта чемпион атана алмады

7 наурыз 2021 13:37
Сурет: UFC

Нигерияда дүниеге келіп, қазіргі уақытта Жаңа Зеландияда тұратын Исраэль Адесанья (21-0) UFC 259 турнирінің басты жекпе-жегінде Ян Блаховичтен (27-9) жеңіліп қалды. Бұл Адесаньяның карьерасындағы бірінші жеңіліс,- деп хабарлайды Vesti.kz порталы.

Негізі Адесанья орта салмақта UFC чемпионы еді. Бірақ бұл кездесуде ол қарсыласының салмағы, жартылай ауыр салмаққа көтеріліп, Конор Макгрегор, Даниэль Кормье, Аманда Нуньес және Генри Сехудо секілді екі салмақта чемпион болғысы келген еді. Дегенмен, болмады. 

Бес раундтқа жоспарланған бұл кездесудің қорытындысы бойынша төрешілер 49-45 (екі рет) және 49-46 есебімен жеңісті Блаховичке берді. 

Айта кетейік, бұл кездесуде Ян өзінің белбеуін бірінші рет қорғады. Чемпиондық атақты ол өткен жылы қыркүйек айында Доминик Рейесті жеңіп, иеленген болатын. 

Ал Адесанья болса, UFC ұйымында 11 кездесуінде бірінші рет жеңілді. 

 

 

Метки: