MMA
12 шілде 2020 07:10

UFC 251 турнирінде фин спортшысы қарсыласын ұйықтатып тастады

Маквин Амирхани. Сурет: https://boec.com/
Абу-Даби қаласындағы "Жауынгерлер аралында" өтіп жатқан UFC 251 турнирінде фин спортшысы Макван Амирхани шотландиялық қарсыласы Дэнни Генриді ұйықтатып тастады, деп жазады Vesti.kz порталы. 


Бұл кездесу бірінші раунда-ақ аяқталды. Фин спортшысы қарсыласын "қылқындыру" әдісіне алып, ұйықтатып тастады. Тіпті Генри беріліп те үлгермеді. Осы кезде төреші сауатты жұмыс істеп, жекпе-жекті тоқтатты. 

Осы кездесудің алдында октоганға Леонарда Сантос пен Роман Богданов шыққан еді. Кездесу бразилиялық спортшының пайдасына аяқталды. Үшінші раунда ресейлік спортшы қарсыласының басына тіземен соққы жасады. Осылайша ол екі ұпайынан айырылып, жеңіліп қалды. 

Айта кетейік, UFC 251 турнирінің басты жекпе-жегінде ұйымның жартылай орта салмақтағы чемпионы Камару Усман (16-1-0) мен америкалық Хорхе Масвидаль (35-13-0), жеңіл салмақтың чемпионы австралиялық Александр Волкановски (21-1-0) мен америкалық Макс Холлоуэй (21-5-0) арасындағы тартысты кездесулер өтеді. Сондай-ақ ресейлік Петр Ян мен бразилиялық Жозе Альдо жеңіл салмақтың чемпиондық атағын сарапқа салады.