UFC 2022 жылдың ең үздік жекпе-жегін атады

26 желтоқсан 2022 18:42
©UFC

Америкалық жекпе-жек промоушені UFC бірқатар номинациялар бойынша жеңімпаздарды анықтап, жылдық қорытындысын шығарды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Сонымен, 2022 жылдың ең үздік жекпе-жегі жартылай ауыр салмақтағы Иржи Прохазка мен Гловер Тейшейра арасындағы маусым айында Сингапурдағы UFC 275 турнирінде өткен титулдық айқас болды.

Тейшейра соққы техникасы мен күрестің сәтті үйлесуі, сондай-ақ Прохазкадан айырмашылығы тәуекелге байланысты қателердің болмауының арқасында көш бастады. Алайда, соңғы бесінші раундтың аяқталуына 30 секунд қалғанда тұншығып ұтылды. Бұл жеңіліс 42 жастағы бразилиялық үшін алты жеңіс сериясынан кейінгі алғашқы жеңіліс болды

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: