auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Уағыз әсер етті ме? Хабиб Нурмагомедов ММА-ден мүлде кетпек

Уағыз әсер етті ме? Хабиб Нурмагомедов ММА-ден мүлде кетпек
©Әлеуметтік желіден

Жеңіл салмақтағы UFC-дің бұрынғы чемпионы Хабиб Нурмагомедов ММА индустриясынан кететінін айтты.

Спортшы Instagram желісіндегі парақшасында жекпе-жек әлемінен кетіп жатқанын айтқан басылымға репост жасады.

"Хабиб күнкөріс үшін ММА индустриясын тастап жатыр. Бұл оның жаттықтырушылық мансабына және ММА-ға байланысты барлық нәрсеге қатысты. Мұның себебі Хабиб отбасына уақыт бөлгісі келеді", - делінген жазбада.

Бұған дейін Нурмагомедов командасымен кездесу өткізіп, одан кейін бірлескен суретін жариялап, былай деп пікір қалдырған:

"Жыл қорытындысы шығарылды. Жыл табысты болды. Сау болыңыз. Менің шешімім тек пайда әкеледі деп үміттенемін, бәріңізді қатты құшақтадым! Спорттағы жетістіктеріме үлкен себепкер болдыңыздар, рахмет".

Белгілі ресейлік файтер Магомед Исмаиловтың жаттықтырушысы әрі ағасы Рамазан Исмаиловтың айтуынша, Хабибтің шешіміне Дубайда кездескен әйгілі ислам уағызшысы Закир Наик әсер етуі мүмкін.

"Онымен әңгіме әсер етуі мүмкін. Бірақ мен мұндай нәтижеге сенбеймін. Оның лигасы бар, алдында маңызды жекпе-жек күтіп тұрған Ислам Махачев бар. Мұны қалай қалдыруға болады?", - деді Исмаилов.

Айта кетейік, 34 жастағы Хабиб Нурмагомедов UFC-де 2012 жылы алғаш рет шықты. Промоушенде 13 жекпе-жек өткізіп, 13 жеңіске жетті. 2020 жылдың 24 қазанында америкалық Джастин Гетжиді жеңгеннен кейін Нурмагомедов мансабын аяқтайтынын жариялады. Жалпы алғанда, ол ММА ережелері бойынша 29 жекпе-жекте 29 жеңіске жетті.

Хабиб мансабын аяқтағаннан кейін бапкерлік қызметке кірісті. Оның жетекшілігімен отандасы Ислам Махачев 2022 жылы жеңіл салмақта UFC чемпионы атанса, оның туысы Усман Нурмагомедов сол салмақта Bellator белбеуін жеңіп алды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама