"Турнир өтеді". Хабиб UFC-дегі жекпе-жегінен айырылды

Сурет: Eurosport
Жеңіл салмақта UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедов америкалық Тони Фергюсонға қарсы жекпе-жекке шығу керек болған турнирге қатыспайды. Бұл туралы ұйым президенті Дана Уайт мәлімдеді. 

Еске салайық, Нурмагомедов пен Фергюсон кездесуі 18 сәуір Бруклинге белгіленген UFC 249 турнирінің басты шоуы болу керек еді. 1 сәуірде ресейлік файтер коронавирустың пандемиясына қатысты, карантин ережелерін сақтап, жекпе-жектен бас тартатынын мәлімдеді.

"UFC-дегі ең жарық жұлдызбын". Тони Фергюсонмен жұдырықтасудан бас тартқан Нурмагомедов жекпе-жек шартын айтты

"Турнир өтеді, бірақ, Хабиб болмайды. Қатысушылар тізімін ертең жария етемін", - деп жазды Уайт "Твиттер" желісінде.

ESPN ақпаратынша, UFC 249 турнирі АҚШ-тың батыс жағалауында өтуі ықтимал.

Ұйымдастырушылар жоспары бойынша, турнирдің басты жекпе-жегінде Фергюсон отандасы Джастин Гэтжимен жұдырықтасады. Алайда әзірге фйтерлер келісімшартқа қол қойған жоқ. 

"Хабиб осылай шықпай қоятынын бәрі білді". UFC басшысы Нурмагомедовтың Фергюсонмен жекпе-жектен бас тартуы жайлы