"Тұрақтылық жетіспейді". Морозовтың UFC ұйымындағы жеңілісінің себебі айтылды

16 ақпан 2022 12:47
©UFC

Mmadna.nl порталының тілшісі Марсел Дорф Vesti.kz тілшісімен сұқбат барысында бразилиялық Дуглас Сильва де Андрадеден жеңілгеніне қарамастан қазақстандық Сергей Морозовты жоғары бағалады. 

Бұл кездесу 13 ақпан күні Хьюстон (Техас штаты, АҚШ) қаласында UFC 271 турнирінде өтіп, бразилиялық файтердің жеңісімен аяқталды

"Морозов пен Дуглас арасындағы айқас кештің ең мықты жекпе-жегі болды. Қазақстандық кездесудің бірінші бөлігін өте жақсы бастады. Батыл қимылдап, айқасты өз пайдасына аяқтауы мүмкін еді. Бірақ оның қарсыласы тәжірибелі болды. UFC ұйымында көп кездесу өткізген. Бразилиялыққа оның тәжірибесі көп көмектесті. 

Маған Морозовтың дайындығы мен стильі ерекше ұнайды. Ол өз салмағының мықты файтерлерінің бірі. Дегенмен оған тұрақтылық жетіспейді. Енді тағы бірнеше кездесуден кейін ол тіс қаққан спортшылардың қатарында болып, өзін дәлелдейді", - деді Дорф. 

Қазақстандық Морозов UFC-де екінші рет "ұйықтап" қалды

Еске салайық, расында бұл кездесу жекпе-жек кешінің үздік кездесуі атанып, екеуі де қосымша 50 мың доллардан (21,5 миллион теңге) сыйақы алды. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport