Қазақстандық файтер Асу Алмабаев (12-2) өте жеңіл салмақта Naiza Fighter Championship ұйымының чемпионы атанды,- деп хабарлайды Vesti.kz.
Алматыда өткен NFC 27 турнирінің басты жекпе-жегінде 26 жастағы Алмабаев бұрын жеңіліп көрмеген өзге қазақстандық Дархан Ысқақовты (3-1) тұншықтыру әдісімен жеңді.
Бұл Асудың бір жылдан кейінгі бірінші жекпе-жегі. Осылайша, Алмабаев қатарынан сегіз жеңіске жеткен сериясын үзбей келеді. Асу кейінгі рет 2017 жылы жеңілген еді.