Лас-Вегаста өткен UFC Vegas 27 турниріндегі жеңісі үшін Дамир Исмағұлов 44 500 доллар табыс көрген, деп хабарлайды The Sports Daily.
Басылым мәліметінше, Дамирге әлемдік промоушендегі төртінші жекпе-жегі үшін 20 мың доллар төленген. Ол бразилиялық Рафаэль Алвесті жеңгені үшін тағы осынша алған. UFC-ден ынталандыру төлемі ретінде 4,5 мың үстеме берген.
Ал промоушенде алғашқы жекпе-жегін өткізіп, аустралиялық Джошуа Кулибаодан жеңіліп қалған өзге қазақ спортшы Сайран Нұрданбек 14 мың доллар алған екен.