"Түкіргенім бар". Америкалық қарсыласы Рахмоновты бірінші раундта нокаутқа түсірмек

28 желтоқсан 2022 09:23
©FightTime

Америкалық файтер Джефф Нил (15-4) қазақстандық Шавкат Рахмоновпен (16-0) UFC-дегі жекпе-жегіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz сайты lowkickmma.com порталына сілтеме жасап.

Рахмонов - Нил кездесуі Лас-Вегастағы UFC Fight Night 217 турниріндегі басты айқастардың бірі болады. Шоу 2023 жылдың 14 қаңтарында өтеді.

"Тігілетін бәстерге түкіргенім бар, мен біреулердің бәсін бүлдіремін. Мен бұған алаңдамаймын. Сегіз бұрыш есігі жабылғанда бәстің еш маңызы болмайды. 

Бұл үш раундтық соғыс болады немесе мен бір не екінші раундта нокаутпен жеңемін", - дейді америкалық. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport