Единоборства
Кеше 10:39

Царукян спортшының ұлтына тиісіп онымен турнир үстінде төбелесе жаздады

©RAF

Армениялық UFC файтері Арман Царукян Лос-Анджелесте өткен MVP MMA турнирінде жанжал шығарды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Намо Фазил Джейк Бабианды екінші раундта ауырту әдісі арқылы жеңгеннен кейін аренаның көрермендер залында Арман Царукянмен кездеседі.

Екі спортшы сөзге клеіп қалып, Арман қарсыласына жақындауға әрекет жасаған. Алайда күзет қызметкерлері араласып, төбелестің алдын алды.

Кейін жанжал аренаның ішкі бөлігінде де жалғасып, файтерлер бір-біріне эмоциялық түрде жауап қатқан.

Бұл жанжалға Царукянның күрд халқы туралы айтқан пікірлері себеп болған. Оқиғадан кейін Намо Фазил әлеуметтік желіде мәлімдеме жасап, UFC файтерін құрметсіздік көрсетті және өзіне назар аудартуға тырысты деп айыптады.

Қазіргі таңда Фазилдің кәсіби мансабында жеті жеңіс пен бір жеңіліс бар.

Ал UFC рейтингінде Арман Царукян жеңіл салмақта екінші орында тұр. Сонымен қатар, ол салмақ дәрежесіне қарамастан промоушеннің үздік 15 файтерінің қатарына кіреді.

Айта кетейік, Царукян 15 маусымда Ақ үйде өтетін UFC турнирінде Илия Топурия мен Джастин Гейджи арасындағы титулдық жекпе-жекте қосалқы файтер болады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport