Тони Фергюсон UFC ұйымында қатарынан үшінші рет жеңілді

16 мамыр 2021 14:01
Сурет: UFC©️

Америкалық спортшы Тони Фергюсон ирандық Бенеил Дариуштан жеңіліп қалды, деп хабарлайды Vesti.kz порталы. 

Жеңіл салмақтағы бұл кездесу Хьюстонда өткен UFC 262 турнирінде болды. 

Бұған дейін ұйымның уақытша чемпионы болған 37 жастағы Фергюсон екі кездесуінде жеңілген болатын. Енді ол қатарынан үшінші мәрте жеңіліс тауып отыр. 

Жекпе-жек үш раундқа созылды. Оның қорытындысы бойынша 32 жастағы ирандық спортшы төрешілер шешімі бойынша жеңіске жетті. 

Метки: