Тони Фергюсон мен Хабиб Нурмагомедов жекпе-жек өткізетін болып келісті

30 қараша 2019 17:44
Жеңіл салмақта UFC чемпионы болған америкалық Тони Фергюсон осы лиганың қазіргі чемпионы Хабиб Нурмагомедовпен жекпе-жек өткізуге келісім берді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Кездесу 2020 жылы 18 сәуірде Нью-Йорк қаласындағы Barclays Center аренасында өтеді.

Осыған дейін, ресейлік файтер келісімшартқа қол қойғаны айтылды, ол кезде UFC америкалықтың келісімін күтіп отырған болатын.

Қос спортшының жекпе-жегін ұйымдастыру - осымен бесінші рет. Бұрындары әр түрлі себептермен жекпе-жектер болмаған.