"Титулды берсеңдер ешкім зардап шекпейді". Шавкаттың жеңістері желіні шулатты

13 сәуір 2023 15:42
©instagram.com/shavkatrakhmonov94

UFC Russia YouTube арнасы қазақстандық Шавкат Рахмоновтың барлық жеңістерінің видеосын жариялап, жанкүйерлерді тамсантты, деп хабарлайды Vesti.kz.

Рахмонов америкалық промоушенде бес жекпе-жек өткізіп, ММА-дегі рекордын 17-0 есебіне дейін жеткізді. 

Шавкат әйгілі промоушенде бразилиялық Алекс Оливейра, Мишель Празерис, гаяналық Карлстон Харрис, америкалықтар Нил Мэгни мен Джефф Нилді кезегімен жеңді.

Осының арқасында ол UFC-дің жартылай орта салмақ рейтингінде алтыншы орынға көтерілді. 

Видеоның астына жанкүйерлер мынандай пікірлер жазыпты:

"Қарсыластарының деңгейі осындай жоғары болғанда мұндай рекорд жасаған файтер болған емес. Шавкат шынымен құбыжық!"

"Шынайы өмірдегі терминатор. Инша Аллах, белбеуді алады"

"Шавкат, Дағыстан сені қолдайды. Тек алға бауырым, тек жеңіс тілеймін!"
 
"Оған белбеуді бере салыңдар сонда ешкім зардап шекпейді"

"17-0 және бәрі мерзімінен бұрын! Мынау Қазақстаннан шыққан құбыжық екен"
 
"Нағыз жыртқыш, бірақ қорғанысты жақсарту керек, кейін бастан бас қалмайды"

"Шавкат - машина!!! Тамаша жекпе-жектер мен керемет жеңістер күтеміз". 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: