"Теңдессіз чемпион боламын". Порье Хабибті жеңетінін айтты

Сурет: UFC©
UFC ұйымында жеңіл салмақта өнер көрсетет Дастин Порье келесу кездесуі туралы ойымен бөлісті. Ол жақын арада Хабиб Нурагомедовпен кездесуге дайын екен, деп жазады Sports.ru. порталы. 

Еске салайық, 2019 жылдың қыркүйек айында Нурмагомедов Порьені қылқындыру әдісімен жеңген болатын. Ал өткен сенбі күні Порье Дэн Хукерге қарсы кездесу өткізіп, жеңіске жетті. 

Нурмагомедов келесі кездесуін 19 қыркүйек күні Абу-Даби қаласында өтетін UFC 253 турнирінде өткізеді. Оның қарсыласы жеңіл салмақта ұйымның уақытша чемпионы Джастин Гэтжи болып қалуы мүмкін. 

"Егер Джастин Гэтжи Хабиб Нурмагомедовті жеңетін болса, маған чемпиондық жекпе-жек бұйыратын шығар. Джастинді жеңетініме сенімдімін. Соңғы рет Гэтжидің жеңген мен едім. Ол да менімен кездескісі келетінін білемін. 

Мен өзімді әлемдегі ең үздік спортшы санаймын. Хабибке қарсы кездесуде қателік жібергенімді де білемін. Бірақ, оны жеңе аламын. Ол қолымнан келеді. 

Ешкімнен есемді қайтарғым келмейді. Менің басты мақсатым - әлемнің теңдессіз чемпионы болу", - деді Порье. 





Метки: