Тең қарсылас. UFC-дегі бірінші қазақстандық қыздың келесі жекпе-жегі белгіленді

13 шілде 2021 10:10
Сурет: Fightnews.info

UFC-дегі бірінші қазақстандық файтер қыз Мария Агапова (9-2) 10 қазанда октагонға оралады, деп хабарлайды Vesti.kz.

24 жастағы Марияның қарсыласы колумбиялық Сабина Мазо (9-2) болады. Бір қызығы екі спортшы жасты және жекпе-жектер саны да теңдей. 

Бұл Агапованың әлемдік промоушендегі үшінші айқасы болмақ. Ол "сегіз бұрышқа" 2020 жылдың тамызында америкалық Шана Добсоннан нокаутпен жеңілгелі бері шықпады. Ал UFC-дегі ең бірінші кездесуін сол жылы 13 маусымда өткізіп, америкалық Ханна Сайферсті жеңген еді.