"Техникасы мықты, ол әлі өзін көрсетеді". Шетелдік сарапшы "Сұңқардың" нокаутқа түскеніне қатысты пікір білдірді

11 маусым 2021 13:07
Сурет: pflmma.com

Бүгін, 11 маусым Атлантик-Ситиде өткен PFL 4 турнирінде қазақстандық Арман Оспанов (11-4) Professional Fighters League (PFL) лигасындағы бірінші айқасында америкалық Крис Уэйдтен (19-6) жеңілді. Дегенмен қазақ спортшы өзін әлі көрсете алады. Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында MMA Plus порталының журналисті Бен Смит осындай пікір білдірді. 

"Бұл жігіттің жекпе-жегін бірінші рет көруім. Арман Оспанов басым еді және жекпе-жекті жақсы жүргізіп келе жатқан. Алайда қарсыласын ақырына дейін талқандай алмады. Крис есін жиып, одан кейін қазақстандықтың қателігін пайдаланып кетті. Есте қаларлық сәт болды. ММА ардагері әлі де қайраты барын көрсетті. Оспановтың бір ғана қателігі болмағанда, жеңетін де еді. Төрешілер шешімімен ол алда келе жатқан. Бірақ айқастардың тамашасы да осы, не боларын білмейсің. Жалпылай маған Оспанов қатты ұнады. Жылдам әрі техникасы мықты. Ол әлі өзін көрсетеді деген ойдамын", - дейді Смит.