"Тайсонға уәдең бар". Мейвезер карьерасын аяқтаған МакГрегорды боксқа шақырды

8 маусым 2020 17:48
Бес алмақта бокстан бұрынғы әлем чемпионы Флойд Мейвезер ирландиялық файтер конор МакГрегордың карьерасын аяқтадым деген мәлімдесеіне қатысты пікір білдірді. 

МакГрегор UFC-ден кететінін кеше, 7 маусымда мәлімдеді. Мұнысын ол промоушен қыркүйеке титулды жекпе-жекке шағырмай отырғандығымен түсіндірді. Айта кетейік, Конор осымен үшінші рет карьерасын аяқтап отыр - ирландиялық 2016 және 2019 жылдары да аралас жекпе-жектен кететінін мәлімдеген. 

"Шатаспасам, сен Майк Тайсонға біз тағы жұдырықтассақ, мені сабауға уәде бергенің бар емес пе? Ал енді салың суға кетіп отыр! Сен ең мықтыны жеңгің келе ме десем. Оралу ойыңда бар болса, сазайыңды беру үшін күте тұрамын", - деп жазыпты Мейвезер МакГрегордің Instagram желісіндегі парақшасындағы пікір қалдыратын орынға.