Жапониялық аралас жекпе-жек өнерінің шебері Нобумицу Осава қарсыласымен көз арбасуға киімсіз келді, деп жазады Ушатайка телеграмм-арнасы.
"Тайсон" лақап атымен танымал 35 жастағы Осава 21 жастағы Шо Усамимен күш сынасады. Бұл кездесу 24 сәуір күні Токиода өтеді.
Естімеген елде көп деген. ММА әлеміне осындай іс-әрекеттері арқылы танылғысы келіп жүрген "Тайсон" аталмыш кездесуде фаворит екен.