Ташкенттегі кездесуінде Хабиб Нурмагомедов келесі жекпе-жегі өтетін орын мен уақытын айтты

22 қараша 2019 09:36
© mmaboxing.ru
Жеңіл салмақта UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедов келесі жекпе-жегін 2020 жылы сәуірде Нью-Йоркте өткізуі мүмкін, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Eurosport.ru мәліметінше, Хабиб бұл туралы Ташкентте студенттермен кездесу барысында айтты.

Нурмагомедов Лас-Вегаста төбелеспейтінін мәлімдеді, жекпе-жек Бруклинде өтуі мүмкін.

Естеріңізге салсақ, Хабиб Нурмагомедов соңғы жекпе-жегінде америкалық Дастин Порьені жеңіп, белбеуін қорғап қалған болатын.

Айта кетсек, бұған дейін Хабибтің әкесі ұлының октагонға Ресей туын неге алып шықпайтынын айтқан еді.