Танып тұрып әдейі істеді. Белгілі блогер спортшыны бірнеше адам оңдырмай ұрған

26 тамыз 2022 07:53
©Видеодан скрин

Шешенстандық белгілі блогер және поп-ММА файтері Асхаб Тамаев Дағыстанда жанжалға себепкер болды, деп хабарлайды "Чемпионат"

Тамаев Махачкаладағы "Этажи" сауда орталығының алдында көлігін дұрыс қоймай кеткен. Салдарынан ол жерде кептеліс пайда болыпты. Блогер көлігіне оралған кезде, оны бірнеше ашулы жігіт күтіп тұрған екен. Сөзден сөз шығып, жігіттердің бірі Тамаевты бірнеше рет ұрады. 

Асхаб Тамаевтың YouTube-арнасына 2,5 млн адам жазылған. 2018 жылы блогер бірінші рет поп-MMA ережесі бойынша украиналық Филипп Третьякпен жекпе-жек өткізіп, төрешілер шешімімен жеңген.

Тамаев осындай танымал болғандықтан, түсірілген видео жылдам таралып, түрлі қауесет те жайыла бастады. Алайда блогер болған жағдайдың бәрін өзі айтып берді. Оның сөзінше, алған соққылардан оның бет сүйегі үш жерден сынып кеткен екен. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: