Қазақстандық MMA сарапшысы Айдар Махметов ең жеңіл салмақтағы The Ultimate Fighter (TUF) шоуының финалындағы қазақстандық Әліби Ыдырыс (11-1) пен америкалық Джозеф Моралес (14-2) арасындағы айқасқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Бұл жекпе-жек Чикагодағы ауқымды UFC 319 турнирінің кардында өтті. Екінші раундта америкалық спортшы Моралес тұншықтыру әдісімен (үшбұрыш) жеңіске жетті. Бұл Әлібидің карьерасындағы бірінші жеңіліс болды.
"Өкінішке қарай, Чикагода өткен UFC 319 турнирінде Әліби Ыдырыс The Ultimate Fighter реалити-шоуы финалының екінші раундында америкалық Джозеф Моралестен "үшбұрыш" әдісімен жеңіліп қалды.
Жекпе-жек басынан-ақ Әліби үшін сәтсіз басталды. Бірінші раундтың соңында Моралес сәтті тейкдаун жасап, Ыдырыстың арқа тұсына шықты. Оған тұншықтыру әдісін толық аяқтауына гонг қана кедергі болды.
Екінші раундта америкалық қарқынын күшейтіп, Әлібидің денесіне дәл соққымен нокдаунға түсірді. Әліби партерден сытылап, гардқа шыққанымен сол жерден тұншықтыру әдісіне түсіп қадып, берілге мәжбүр болды.
Бұл Әліби Ыдырыстың карьерасындағы алғашқы жеңіліс және UFC-де өнер көрсету мүмкіндігінен айырылған сәт...
Мен Әлібиді танымай қалдым. Ол болдырып қалғандай күйде болды", - деп жазды Айдар Махметов өзінің Telegram арнасында.